alschool
» » Көктемнің шуақты мерекесін тойлау...
» » Көктемнің шуақты мерекесін тойлау...

    Көктемнің шуақты мерекесін тойлау...


    Көктемнің шуақты мерекесін тойлау...

    Көктемнің шуақты мерекесін тойлау, Алматының әр түкпірінде қызу өтіп жатыр. Медеу мен Алмалы ауданының әкімдігі алғаш болып, аудандағы нәзік жандыларды құттықтауды қолға алды. 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында қос ауданнан 4 көпбалалы ана, «Алтын» және «Күміс» алқаның иегері атанды.

    ¤Медеу ауданы әкімшілігі ұйымдастырған шараға келген қыз-келіншектер, ең әуелі кіре берісте ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Заманауи сурет өнерін жандандырып жүрген 6 қылқалам шебері, көрмедегі туындыларға қазақстандық әйелдердің сұлулығын арқау етіпті. 40 шақты жұмыстың орындалу техникасы да әр алуан. Мұнда кескіндемелік портреттен бастап, графикалық және витраждық жұмыстарды да кездестіруге болады. Дегенмен, барлығында нәзік жандылардың болмысы мен сұлулығы паш етілген.

    «Мен мына жұмыстарымда ұлттық киімдер киген қазақ әйелдерін бейнеледім. Өйткені, тек жас сұлу әйелдерді ғана емес, қарттығы өзіне жарасқан ақ жаулықты ана мен әжелерімізді де көрсеткім келді. Олар да өздерінше әдемі. Менің мақсатым, сол әдемілікті көрсету болды»,- деді Суретші, Динара ӘУБӘКІРОВА.

    Бұл мерекелік кешке келген бірінен-бірі асқан, әр әйелдің сұлулығы суретшінің бояуымен өрілген кескіндемелік картинаға тең. Шараны ұйымдастырушылар Жамбыл атындағы филармонияға Медеу ауданында тұратын 700-ге жуық аяулы жанды шақырыпты. Олардың қатарында көп балалы анадан бастап, ел экономикасының түрлі салаларында елеулі еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер де бар.

    «Әйел ошақтың ұйытқысы, алтын бесіктің иесі. Ел болашағының барлығы әйел азаматтарының қолынан өтеді деген сөз, баршамыз үшін үлкен өнеге. Мемлекетіміздің бүкіл тыныс-тіршілігін басы-қасында болып, бірлік пен тұрақтылықтың сақталуына, ел әлеуетін көтеруге аналарымыз бүгін де ер азаматтарымызбен қатар, қалыспай иық тіресе еңбек етіп келесіздер»,- деді Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі, Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ.

    Жайқалған гүл, әуезді ән, ыстық лебіздер. Бір сөзбен айтқанда бар құрмет салтанатты кештің құрметті қонақтары, әйелдер қауымына арналды. Әсіресе, көп бала тәрбиелеп отырған алтын құрсақты аналарға ерекші ілтипат білдірілді. Аудан басшысы Медеу ауданының екі тұрғынына "Күміс" және "Алтын" алқа табыстады. Соның бірі 7 құрсақ көтерген 43 жастағы Зүлфия Әбдіғаниева. Көпбалалы ана қызметін қойып, бар уақытын үй шаруасы мен бала тәрбиесіне арнапты.

    «Баланы тәрбиелеу өте қиын ғой енді, барлық ата-аналар түсінеді оны. Мен өзім 9 балалы отбасынан шыққанмын. Менің де анам көп балалы ана. Ал, келін болып түскен жерде енем де көп балалы ана. Енді мен соларға тарттым деп ойлаймын. Ол кісілер мықты кісілер болған ғой, қаһарман аналар. Солардың артын қуып келе жатқан біздер енді»,- деді Көп балалы ана, Зүлфия ӘБДІҒАНИЕВА.¤

    Осы көктемнің шуақты мерекесі, Алмалы ауданының да екі тұрғынының есінде қалары сөзсіз. Олар да, көптің ыстық ықыласымен"Күміс алқа" тағынды. Ошақтың ұйытқысы болған қос ананың бала тәрибесіндегі рөлі, көпке үлгі етілді.

    «Алмалы ауданы бойынша 8 мың бірінші қолбасшы әйел адам істейді. Олардың барлығы мынадай дағдарыс заманында Қазақстан экономикасына көп үлесін тигізіп жатыр»,- деді Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары, Ермек БЕЙСЕУОВ.

    Марапаттау рәсімінен соң, салтанатты шараға келген қонақтардың барлығы опера тыңдап, шоқтығы биік классикалық өнер туындыларынан ләззат алды.

    Айдана Мейрамбайқызы, Ялкунжан Әшімжанов, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы


    Ұқсас жаңалықтар
  • «Құқықбұзушылықтың алдын алу. Суицидтік іс-әрекеттер және онымен күресу жолдары» тақырыбында ата-аналармен Медеу ауданында жиналыс өтті
  • «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынынан Түркісіб ауданының мектеп оқушылары арасында жекелей командалық ашық турнир өз мәресіне жетті.
  • Алатау ауданы 180 мектепте 8 наурыз аналар күніне орай мерекелік іс-шаралар өтті

  • Пікірлер
Фото жаңалықтар
Бүгінгі Оқиға
Соңғы жаңалықтар
07 май Әл-Фарабиды тану – ҚазҰУ міндеті

04 май Абай институты – ҚазҰУ жастарының зор мүмкіндігі

04 май ҚазҰУ-ым – қарашаңырағым!

Жаңалықтар топтамасы