Ардагерлерге арнап мерекелік шаралар өткізу №102 мектеп оқушылары үшін зор мәртебе. Жеңіс күнінің қарсаңында №102 мектеп оқушылары мен мұғалімдері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне барып құттықтады. Өз кезегінде ардагерлер соғыс кезіндегі сұрапыл жылдардан шағын естеліктер айтты. Оқушыларға өздері көрген бейнетті, қиындықтарды ешқашан көрмеңдер деді. Бейбіт өмірдің сый-сияпатын дұрыс қолданып, алтындай қымбат уақыттарыңды терең білім алуға, жаһандық бәсекеге қабілетті маман болып, Отанымыздың тәуелсіздігінің тірегі болыңдар деп баталарын берді.
2 «Б» және 3 «Б» сынып оқушылары сынып жетекшісі Асимова Г.А. мен бірге Ұлы Отан Соғысы ардагері Петренко Н.Я.-ті мереке қарсаңында құттықтады.
8 «Б» сынып оқушылары сынып жетекшісі Альжанова П.Д. мен бірге Ұлы Отан Соғысы ардагері Рудская М.М, мереке қарсаңында құттықтады.
6 «Б» сынып оқушылары сынып жетекшісі Омартаева А.А. мен бірге Ұлы Отан Соғысы ардагері Купч В.А..-ті мереке күніқұттықтады.
Сұрапыл соғыстың тауқіметін тартқан ардагерлерді ұмытпаған мектеп ұстаздары мен оқушыларына алғыстарын айтты. Ең бастысы еліміз тыныш болсын, ел басқарып жүрген азаматтарымыз аман болсын, балалар бейбіт өмірдің қызығын көрсін! – деп тілектерін білдірді.
Күнде барып, күнде айқай салса да, жартастай мелшигендерге жетім қозыдай тасбауырланбай, ыстық жүрегінің тереңінде