alschool
» » Жетісу ауданы «№102 ЖББМ» КММ «Бала құқығы - адам құқығы» атты республикалық онкүндік
» » Жетісу ауданы «№102 ЖББМ» КММ «Бала құқығы - адам құқығы» атты республикалық онкүндік

    Жетісу ауданы «№102 ЖББМ» КММ «Бала құқығы - адам құқығы» атты республикалық онкүндік


    Жетісу ауданы «№102 ЖББМ» КММ «Бала құқығы - адам құқығы» атты республикалық онкүндік 


    Мақсаты – білім беру ұйымдары оқушыларының құқықтық мәдениетін, Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру.Онкүндікте ең өзекті мәселелер: бала құқықтары туралы, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өзін-өзі ұстауы, егер жасөспірім қиын жағдайға тап болса тақырыптары мен бала құқықтары туралы Конвенцияның негізгі мәселелері талқылануда. Адам құқығы әрбір адам үшін және жалпы ел үшін маңызды. Алайда, адам құқығы мен бостандығы қамқорлықты қажет етеді. Онкүндік бала жастан өз құқықтарын пайдалана отырып, өзге адамның құқығына қол сұқпауға, заңды шеңберден шықпауды үйретуге  бағытталған. Бастауыш сыныптарда «Бала құқығы - адам құқығы» атты Республикалық онкүндік аясында «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мектеп инспекторы Тұрсын Жансерік оқушыларға олардың құқықтары жайында дәріс оқыды. Құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау үшін баланың құқығы заңмен бекітілетінін, заң баланы озбырлықтың түрлерінен оның абыройын төмендетуден, ата-аналар тарапынан болатын қиянаттан (ұрып-соғудан, қаңғыбастыққа бейімділіктен және т.б.) қорғайтынын түсіндірді.Әрбір бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарихи және мәдениет ескерткіштерін сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи айлықтарға ұқыпты қарауға міндетті.Онкүндіктің шеңберінде «Абайла, терезе!», «Судағы қауіпсіздік», «Ақпараттық қауіпсіздік», «Отбасындағы зорлық-зомбылық», «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі», «Балалардың құқықтары» атты әлеуметтік бейнероликтер (мемлекеттік және орыс тілдерінде) көрсетілуде.  http://www.bala-qqk.gov.kz.Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналарды, педагогтарды, белсенділерді, сондай-ақ барлық мектеп оқушыларын аталған шараға қатысу арқылы қолдау көрсетуге шақырады. 


    Ұқсас жаңалықтар
  • №70 ЖББМ бойынша «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында өткізілген іс-шаралар
  • Жетісу ауданы «№102 ЖББМ» КММ-де 2018 жылғы 06-14 қыркүйк аралығында «Отбасы - бақыт мекені» атты ақпараттық іс-шара өтілді.
  • Жетісу ауданы «№102ЖББМ» КММ «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық науқанына орай «Бақытты балалық – жарқын болашақ кепілі» атты тақырыппен науқанның ашылу салтанаты есебі
  • Алматы қаласында білім беру ұйымдар қызметкерлерінің Республикалық тамыз педагогикалық кеңесі секциясы өтеді
  • 2017 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде

Фото жаңалықтар
Бүгінгі Оқиға
Соңғы жаңалықтар
07 май Әл-Фарабиды тану – ҚазҰУ міндеті

04 май Абай институты – ҚазҰУ жастарының зор мүмкіндігі

04 май ҚазҰУ-ым – қарашаңырағым!

Жаңалықтар топтамасы