Биылғы мемлекеттік білім гранттарының саны көбейді
Авторы: admin от 26 июль, Бөлім: Жаңалықтар, көрілуі бойынша 1 706
2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік
білім беру тапсырысының көлемі өсті. 2017-2018 оқу жылынан бастап, соңғы 5 жыл ішінде алғаш рет жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған
мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті. Атап айтқанда,
2017-2018 оқу жылына бакалавриатқа - 37932 грант бөлінді, бұл өткен
жылғы мемлекеттік тапсырыс көлемімен салыстырғанда 6 мыңға көп.
Магистратураға - 10004 орын бөлінді, өткен жылға қарағанда бұл көрсеткіш
2,5 мыңнан астам орынға көбейген. Ал PhD докторантураға - 1285 орын
бөлінді, бұл өткен жылғы орын санынан екі есеге көбірек», - деп жауап
берді ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат
тілшісінің сауалына.
«2017-2018 оқу жылына арналған мамандықтар бөлінісінде жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік
білім беру тапсырысын бөлу туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің
бұйрығы шілде айының екінші бөлігінде жарияланады.
Жүктеу MON_prilozhenie_2017.pdf [452,76 Kb] (cкачиваний: 95)
Ұқсас жаңалықтар
Алматы қаласында білім беру ұйымдар қызметкерлерінің Республикалық тамыз педагогикалық кеңесі секциясы өтедіҚыркүйек айынан бастап 1,2,7 сынып оқулықтары жаңартылады2017 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде«Сауат ашу» пәні «Әліппе», «Ана тілі» болып оқытылатын болды«Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынынан Түркісіб ауданының мектеп оқушылары арасында жекелей командалық ашық турнир өз мәресіне жетті.
Пікірлер