alschool
» » «Сауат ашу» пәні «Әліппе», «Ана тілі» болып оқытылатын болды
» » «Сауат ашу» пәні «Әліппе», «Ана тілі» болып оқытылатын болды

    «Сауат ашу» пәні «Әліппе», «Ана тілі» болып оқытылатын болды


     «Сауат ашу» пәні «Әліппе», «Ана тілі» болып оқытылатын болды2019 жылға қарай «Сауат ашу» пәні даярлық және бірінші сыныпта «Әліппе», «Ана тілі» болып оқытылатын болды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді. Жиын барысында, министр бірнеше сыныпқа арналған оқулықтарды таңдауда комиссия құрамына депутаттардың кіргенін де хабарлады. Комиссия құрамына кірген депутаттарға алғысын айтып, оқушыларға білім беруде сапалы оқулықтардың болу керектігін айтты.


    «Қазір бірінші, екінші, бесінші және жетінші сыныптарға оқулықты таңдау бойынша комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұл комиссияның құрамында депутаттар да бар. Олар бұл мәселеге жақсы көмек көрсетуде. Және алғысымды айтқым келеді. Комиссия жұмысын да ұзарттық. Өйткені мектептерге сапалы оқулықтардың түскені біз үшін өте маңызды», - деді Ерлан САҒАДИЕВ.


    Сонымен қатар, Білім министрі қағазбастылықты азайту мақсатында және сандық технологияны білім саласына енгізуде электронды күнделіктің алар орнына тоқталды. Осы мәселеге қатысты халық арасында жүрген керағар пікірлерді сейілтті. Биылдан бастап «күнделік.кз» жобасы пилоттық режимде іске асырылады. Ал толықтай енгізу жұмыстары тек 2018 жылы жүзеге аспақ. Осы ретте Ерлан Сағадиев аталмыш жобаны кез келген мектеп пен ата-аналар тарапы өздері таңдайтындығын айтты.

     


    Ұқсас жаңалықтар
  • «Раxат» ықшам ауданындағы балалар мектепке сыймай әлек
  • 2017 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде
  • Көктемнің шуақты мерекесін тойлау...
  • «Құқықбұзушылықтың алдын алу. Суицидтік іс-әрекеттер және онымен күресу жолдары» тақырыбында ата-аналармен Медеу ауданында жиналыс өтті
  • Сағадиев "Қазақ тілі" мен Қазақ тарихы" туралы

  • Пікірлер
    Кері 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 217 Ілгері
Фото жаңалықтар
Бүгінгі Оқиға
Соңғы жаңалықтар
07 май Әл-Фарабиды тану – ҚазҰУ міндеті

04 май Абай институты – ҚазҰУ жастарының зор мүмкіндігі

04 май ҚазҰУ-ым – қарашаңырағым!

Жаңалықтар топтамасы