alschool
» » «Раxат» ықшам ауданындағы балалар мектепке сыймай әлек
» » «Раxат» ықшам ауданындағы балалар мектепке сыймай әлек

    «Раxат» ықшам ауданындағы балалар мектепке сыймай әлек


    «Раxат» ықшам ауданындағы балалар мектепке сыймай әлекБілім алу мұңға айналды. Алатау ауданына қарасты «Раxат» ықшамауданындағы балалар мектепке сыймай әлек. Ондағы 90 бала оқуы тиіс жалғыз білім ошағында бүгінде 300-ден аса оқушы қысылысып сауат ашуға мәжбүр. Елуінші жылдары бой көтерген ғимараттың мектеп деген аты болмаса, тозығы әбден жеткен.

    Бұл 3000-нан астам тұрғыны бар «Раxат» ықшамауданындағы жалғыз білім ошағы. Осыдан жарты ғасыр бұрын салынған көне ғимаратта сабақ оқуға жағдай жасалмаған. Мектеп ұжымы жыл сайын бөлінген қаржыға шама-шарқы жеткенше жөндеу жұмыстарын жүргізеді екен. Алайда, қанша жөнделсе де ескінің аты ескі. Тамның қабырғасы сөгіліп, шатырлары әбден тозған. Жаңбыр жауса ғимараттың төбесі сыздан көтеріліп кететін  көрінеді. Бірақ естуге ерсі болсада бас қайғы бұл емес. Негізгісі -  оқушыларға орынның тапшылығы.

    «Бұл мектептің жағдайы адам шошырлық. Өте тар. Бірақ амалдың жоғынан балаларымызды осында оқуға беріп жүрміз. Басқа мектепке апаратын жағдайым жоқ, бұл жерден не бір қоғамдық көлік те жүрмейді. Биыл қызым 9-шы сыныпты бітіреді, әрмен қарай оны қай мектепке берерім белгісіз», - деді Алатау ауданының тұрғыны Фарида САҒИТОВА.

    9 жылдық білім ошағында оқушылар екі аусымда оқиды. Соның өзінде мектепке әрең сыяда. Өйткені, 90 оқушыға арналған білім үйінде қазір 358 бала сауат ашып жүр екен. Сыныптардың іші тар болса да, балалар бір-біріне сығылысып әрең отыр.

    «Бізде спорт зал жоқ, актовый залымыз да жоқ. Бірақ бір кабинетімізді соған арнап, барлық іс-шараларымыз сонда өтеді. Қыстың күні қарға барып ойнайтын кезде болады, енді күннің жылылығына қарай. Болмаса, сыныпта тоғызқұмалақ, ұлттық ойындарды ойнатады», - деді №196 мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Әнипа ШАМЕНОВА.

    Мұндай күрделі мәселе Алатау ауданы бойынша жалғыз «Рахат» ықшамауданында ғана емес, осыдан 2 жыл бұрын ауданға қосылған Теректі, Алғабас, Мәдениет және Боралдай елді-мекендерінің барлығында бар екен. Аталмыш ықшамаудандардағы мектептерге келер жылы жапсарлас ғимарат салу жөнінде қазір жобалық құжаттама жасалып жатыр. Құжат мақұлданып қаржы бөлінсе, мектептердегі орын тапшылығы азаяды дейді аудан басшысы.

    «Рахаттағы жағдай, ол мектепке ешқандай қосымша құрылыс нысаны жоқ. Жаңа мектеп сұрап отырмыз, жаңа мектеп салу керек. Өйткені, ол жерге 600 орынды мектеп керек. Жаңа мектепке өтініш беріп отырмыз. Осыны енді мәслихатта қарастырып, жердің мүмкіндігіне қарай шешу керек. Бұл біздің міндетіміз осыны шешетін. Өйткені 90 бала оқитын мектепте, 358 бала оқып жатса қандай сапа болады?», - деді Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Бағдат МӘНІЗОРОВ.

    Алатау ауданы алғаш құрылғанда, ондағы мектептерде 18 мыңнан аса бала оқыса, қазір оқушылардың саны 376 мыңнан асқан. Сондықтан аудан мектептерінде орын тапшылығы қатты сезінетін көрінеді. Бұл мәселені шешу үшін биыл бірқатар жұмыстар атқарылмақ. Мәселен, «Заря Восток» пен «Өжет» ықшамауданындағы мектерге қосымша 600 орынды ғимарат салынбақ. Ал, Рысқұлов пен Момышұлы көшелерінің қиылысына 1000 орындық жаңа  мектеп тұрғызылады. «Шаңырақ-2» ықшамауданындағы №26 мектеп сүріліп, орнына жаңасы бой көтереді. Бұған республикалық бюджеттен 1 млрд 900 млн теңге бөлініп отыр.

    Айдана Мейрамбайқызы, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы


    Ұқсас жаңалықтар
  • Бүгінде Алматының Алатау ауданы бойынша жеткіншектерге зорлық-зомбылық көрсету қылмысы бойынша 6 жағдай анықталып, тіркелген барлық 12 істің 50 пайызын құраған
  • «Сауат ашу» пәні «Әліппе», «Ана тілі» болып оқытылатын болды
  • Көктемнің шуақты мерекесін тойлау...
  • «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынынан Түркісіб ауданының мектеп оқушылары арасында жекелей командалық ашық турнир өз мәресіне жетті.
  • Алатау ауданы 180 мектепте 8 наурыз аналар күніне орай мерекелік іс-шаралар өтті

  • Пікірлер
Фото жаңалықтар
Бүгінгі Оқиға
Соңғы жаңалықтар
07 май Әл-Фарабиды тану – ҚазҰУ міндеті

04 май Абай институты – ҚазҰУ жастарының зор мүмкіндігі

04 май ҚазҰУ-ым – қарашаңырағым!

Жаңалықтар топтамасы