alschool
» » Бүгінде Алматының Алатау ауданы бойынша жеткіншектерге зорлық-зомбылық көрсету қылмысы бойынша 6 жағдай анықталып, тіркелген барлық 12 істің 50 пайызын құраған
» » Бүгінде Алматының Алатау ауданы бойынша жеткіншектерге зорлық-зомбылық көрсету қылмысы бойынша 6 жағдай анықталып, тіркелген барлық 12 істің 50 пайызын құраған

    Бүгінде Алматының Алатау ауданы бойынша жеткіншектерге зорлық-зомбылық көрсету қылмысы бойынша 6 жағдай анықталып, тіркелген барлық 12 істің 50 пайызын құраған


    Бүгінде Алматының  Алатау ауданы бойынша жеткіншектерге зорлық-зомбылық көрсету қылмысы бойынша 6 жағдай анықталып, тіркелген барлық 12 істің 50 пайызын құраған

     Бүгінде Алматының  Алатау ауданы бойынша жеткіншектерге зорлық-зомбылық көрсету қылмысы бойынша 6 жағдай анықталып, тіркелген барлық 12 істің 50 пайызын құраған. Ал, Бостандық, Түрксіб және Алмалы аудандарында да  жеткіншектерге қатысты қылмыстың саны көбейген. Бұл ретте еліміздің бас прокуратурасы «Балаларды бірігіп қорғайық!» жол картасы жобасы бойынша онлайн режимінде ата-аналар жиынын өткізді.

    «Балаларды бірігіп қорғайық!» жобасы аясында Алматы қаласы прокуратурасымен балалардың құқығын қорғауға бағытталған шаралар жасалып жатыр. Әсіресе, бүгінде белең алып бара жатқан ғаламтор кеңістігіндегі түрлі сайттарды бұғаттауға қатысты ауқымды шаралар атқарылуда. 2016 жылдың статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, Алматы қаласы бойынша өзіне-өзі қол жұмсауға барған балалар саны артқан екен. Әсіресе, 12 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында суицид өршіп тұр.

    «2016 жылы өлімге әкелген 7 суицид жағдайы тіркелген болса, 2015 жылы 5 оқиға анықталған. Балалардың өзіне-өзі қол жұмсауы ата-ана үшін де, біз үшін де үлкен қайғы. Бұл бағытта біз ата-аналармен де жұмыс жүргізудеміз. Мұндай жағдайларды болдыртпаудың алдын-алуымыз қажет», - деді Алматы қаласы прокурорының көмекшісі Гүлнар ЖАНБЕКОВА.

    Бүгінде әлеуметтік желіде баланың жүйке жүйесіне салмақ салып, көңілін басқа арнаға бұруға бағытталған сайттар жетіп артылады. Балалар қауіпсіздігі үшін Алматы қаласы прокуратурасы мен Білім басқармасы интернеттегі қауіпті ақпараттарды сүзгіден өткізу жүйесін орнату бойынша Меморандум жасалды. Енді әрбір ата-ана баласының қандай уақытта, қандай желіде отырғанын біліп, қадағалауға мүмкіндік алды. Мамандар арнайы бағдарламаны үйдегі компьютер мен балалардың смартфондарына да орнатуға кеңес беруде.

    «2014 жылдан бері интернеттегі қауіпті ақпараттарды сүзгіден өткізу мен айналысамыз. Осы уақытқа дейін еліміздің 8 өңіріндегі мектеп, колледждерімен тығыз жұмыс жасап келеміз. Жаңа жүйе бейәдеп сайтты, балағат сөздерді, баланың өміріне қауіп төндіретін мәтіндерді сұрыптап отырады. Егер жеткіншек тыйым салынған дүниені іздеп, көруге әрекет етсе, экранға ескерту шығып, сайт ашылмай қалады. Осылайша, ата-аналар баласының күнделікті ғаламторда немен айналысатынын біліп, қадағалап отырады», - деді  бұғаттау жобасының жетекшісі Абылайхан ЖАКАНОВ.

    Балалар қылмысын төмендету мақсатында Алматы қалалық прокуратурасы ата-аналарға арналған ескертпе кітапшасын әзірлеп шығарды. Онда баласын қорғау үшін әке-шешенің не істеу керектігі жазылған. Көп жағдайда ата-ана қамқорынсыз қалған балалар түрлі оқиғаларға ұшырайды. Бұл ретте прокуратура қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиынның түпкі мақсаты да осы.

    Сая Меңдеке, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы

     

     


    Ұқсас жаңалықтар
  • 2017 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде
  • «Сауат ашу» пәні «Әліппе», «Ана тілі» болып оқытылатын болды
  • Көктемнің шуақты мерекесін тойлау...
  • «Құқықбұзушылықтың алдын алу. Суицидтік іс-әрекеттер және онымен күресу жолдары» тақырыбында ата-аналармен Медеу ауданында жиналыс өтті
  • Алатау ауданы 180 мектепте 8 наурыз аналар күніне орай мерекелік іс-шаралар өтті

  • Пікірлер
Фото жаңалықтар
Бүгінгі Оқиға
Соңғы жаңалықтар
07 май Әл-Фарабиды тану – ҚазҰУ міндеті

04 май Абай институты – ҚазҰУ жастарының зор мүмкіндігі

04 май ҚазҰУ-ым – қарашаңырағым!

Жаңалықтар топтамасы