alschool
» » Биыл Ұлыстың Ұлы күні шаһарда дүрілдеп өтті
» » Биыл Ұлыстың Ұлы күні шаһарда дүрілдеп өтті

    Биыл Ұлыстың Ұлы күні шаһарда дүрілдеп өтті


    Алматыда ұлан асыр той! Биыл Ұлыстың Ұлы күні шаһарда дүрілдеп өтті. Алғаш рет мейрам қос алаңда тойланды. Мерекелік шаралардың көркін қыздыру үшін 700-ден астам өнер иелері ат салысты. Толығырақ Наурыз мерекесін көппен бірге тойлаған тілші Жадыра Омаржан жалғастырсын.

    Ұлыстың Ұлы күнінің басты мәні де сәні де - наурыз көже. Мейрам күні Қазақстанның халық әртістері Астана алаңында көже пісірді. Әр қазақ үшін қастерлі ас саналатын тағамнан дәм татқандар риза. Оның үстіне, молшылықтың белгісі - «Наурыз көжені» әртістер ерекше дәмді етіп пісіруге тырыстық деп отыр.

    «Ұлы даланың Наурызы» деп аталатын мерекеде қазақ ұлтының қаймағы бұзылмай, қашан да жұмыла қалар қасиеті анық көрінді. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек риясыз көңілін білдіріп, барша жұртқа жүрекжарды тілегін жеткізді.

    «Тәуелсіз Отанымыз Қазақстанда күн мен түн теңескен жан иесін жарастырған Ұлы мереке. Баршаңызды осынау Ұлыстың Ұлы күні әз Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз мейрамы тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан көп этносты халқымыздың әрбір өкіліне ортақ қуаныш. Ата-бабамыз бұл мерекені ықылымнан жыл басына балап, Ұлыстың ұлы күні деп айрықша атаған»,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.

    Наурыз бұл береке-бірліктің, теңдіктің, жақсы тілеу мен қайта түлеудің мерекесі. Ел мен жерге ырысын шашқан Ұлыстың Ұлы күнін алматылықтар биыл да ерекше қарсы алды. Бір бөлігінде қазақша күрестен жарыс өтсе, ал бір бөлігінде шатырлар тізіліп, мұнда қолданбалы өнерден көрме өтуде. Жалпы, концертке 700-ден астам өнерпаз қатысуда.

    «Астана» алаңы бір сәтте қаймағы бұзылмаған қазақ ауылын елестетті. Наурыз мейрамына орай ақшаңқай киіз үйлер тігіліп, алаңда қазақ халқының көне бұйымдары, аспаптары көрмеге қойылды. Қазақтың ұлттық спорт ойындары да назардан тыс қалмады.

    ¤Кешкі бағдарлама қазақ эстрада жұлдыздарының әніне ұласты. Мерекенің соңғы нүктесін көкке шашылған отшашу қойды.

    Жадыра Омаржан, Мұрат Тайжан, Рашиддин Якупов, «Алматы» телеарнасы

     


    Ұқсас жаңалықтар
  • Қыркүйек айынан бастап 1,2,7 сынып оқулықтары жаңартылады
  • «Раxат» ықшам ауданындағы балалар мектепке сыймай әлек
  • Көктемнің шуақты мерекесін тойлау...
  • Сағадиев "Қазақ тілі" мен Қазақ тарихы" туралы
  • Алатау ауданы 180 мектепте 8 наурыз аналар күніне орай мерекелік іс-шаралар өтті

Фото жаңалықтар
Бүгінгі Оқиға
Соңғы жаңалықтар
07 май Әл-Фарабиды тану – ҚазҰУ міндеті

04 май Абай институты – ҚазҰУ жастарының зор мүмкіндігі

04 май ҚазҰУ-ым – қарашаңырағым!

Жаңалықтар топтамасы