alschool
» » ҚАЙТАЛАУДЫҢ ПАЙДАСЫ: БАЛАҒА МИДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚАЛАЙ ТҮСІНДІРУГЕ БОЛАДЫ?
» » ҚАЙТАЛАУДЫҢ ПАЙДАСЫ: БАЛАҒА МИДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚАЛАЙ ТҮСІНДІРУГЕ БОЛАДЫ?

    ҚАЙТАЛАУДЫҢ ПАЙДАСЫ: БАЛАҒА МИДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚАЛАЙ ТҮСІНДІРУГЕ БОЛАДЫ?


    ҚАЙТАЛАУДЫҢ ПАЙДАСЫ: БАЛАҒА МИДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚАЛАЙ ТҮСІНДІРУГЕ БОЛАДЫ?Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру – ақпаратты миға сіңірудің ең тиімді әдісі. Алғашқы сабақта мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіріп, келесі сабақ осы тақырыпқа арналған тәжірибелік жұмысқа ұласады. Мұндай жүйенің несі жақсы? Өткен сабақты қайталаудың жадымызға тигізер пайдасы бар ма? Алдымен осы жағын анықтап алайық.

    Мектептегі сабақ барысында балалар шамадан тыс ақпарат тасқынын қабылдауға мәжбүр. Оның барлығын бір айтқаннан жаттап алу көп жағдайда мүмкін емес. Сабақ аяқталғанына бірнеше сағат өтпей жатып-ақ оқығанынының жартысын ұмытып қалатын балаға таңғалудың қажеті жоқ. Дегенмен, қобалжуға да әлі ерте. Бұл – миға тоқудың қалыпты процесі. Біздің жадымыздың өзі осыған бейімделген.
    Адам миындағы ақпарат сақтау жұмысына нейрондар жауап береді. Әр адамда шамамен 100 миллиард нейрон бар. Ал олар синапс, яғни нейрондар арасындағы жалғастырушылар арқылы бір-бірімен байланысады. Біз көп ақпарат қабылдаған кезде синапстар сапасы төмендейді. Жаңа ғана жалғасқан нейрондар ажырап, соның кесірінен естіген мәліметтердің біразын ұмытып қаламыз.

    Есте сақтау механизмі 100 жылдан аса уақыт бұрын зерттелген. Алманиялық психолог Герман Эббингауз сынақ жүргізіп, адам жаңа ақпарат қабылдаған соң 20 минут ішінде естігенінің шамамен 40 пайызын ұмытып қалатынын, ал 10 сағаттан соң 60 пайыздан астамын естен шығаратынын дәлелдеді. Одан кейін ұмыту процесі тоқтай бастайды. Екі аптадан соң сынақтағы адамдар ақпараттың тек 20 пайызын есіне түсірсе, бір ай өткен соң да олардан дәл осы көрсеткішті байқаған.

    Ендеше, керек материалды қалай есте сақтауға болады? Тағы да мидың құрылысына қайта оралайық. Егер ұмытшақтыққа нейрондар арасындағы нашар байланыс себеп болса, оны жақсарту керек. Бұған ақуыз қажет. Ақуыз нейрондарға синапстарды қорғайтын қасиет береді. Бұл есте сақтау барысын автоматтандыруға сеп болады.

    Оқытудың ең тиімді әдістерінің негізі материалды кезең-кезеңімен қабылдауда жатыр. Өткен тақырыпты жаңа тақырып дамытып, жалғастырып отыруы тиіс. Осылайша, барлық сабақ ажырамас логикалық тізбекке айналады. Оның ішінде бір тізбекте қалыс қалу кезеңнің ырғағын бұзып, материалды әрі қарай түсінуге кедергі келтіреді.


    -2:01
     


    Ұқсас жаңалықтар
  • Бірде-бір талапкер назардан тыс қалмайды
  • Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы аясында жаңа форматта өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу мен ТжКБ білім алушыларының Кешендік тестілеуінің қорытындылары қаралды.
  • Алматы қаласында білім беру ұйымдар қызметкерлерінің Республикалық тамыз педагогикалық кеңесі секциясы өтеді
  • «Раxат» ықшам ауданындағы балалар мектепке сыймай әлек
  • Бүгінде Алматының Алатау ауданы бойынша жеткіншектерге зорлық-зомбылық көрсету қылмысы бойынша 6 жағдай анықталып, тіркелген барлық 12 істің 50 пайызын құраған

  • Пікірлер
Фото жаңалықтар
Бүгінгі Оқиға
Соңғы жаңалықтар
07 май Әл-Фарабиды тану – ҚазҰУ міндеті

04 май Абай институты – ҚазҰУ жастарының зор мүмкіндігі

04 май ҚазҰУ-ым – қарашаңырағым!

Жаңалықтар топтамасы