9 мамыр күні 11:00-де 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылады.
Авторы: admin от 07 май, Бөлім: Жаңалықтар, көрілуі бойынша 1 668

9 мамыр күні 11:00-де 28
гвардияшыл-панфиловшылар саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтары
қойылады. Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 73 жыл толу мерекесін тойлау
осы жерден басталады.
"Осы күні әдеттегідей әскери асхана мен
мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Әскери техниканы көрмеге қою, арнайы
суретке түсетін орын мен алғыс тақтасын қоюды жоспарлап отырмыз.
Театрландырылған көріністер де болады. Сондай-ақ, соғыс жылдарындағы
сүйікті әндер де орындалады. Кез келген тұрғын Отан үшін өмірлерін
берген жандарды еске алып, алғыс білдіре алады", – деді қалалық мәдениет
басқармасының басшысы Ханзада Есенова.
12:00-де "Астана" алаңынан
"Қаһарман Ұлт–Бессмертный полк" маршы басталады. Маршқа қатысушылар Төле
би көшесімен Достық даңғылына дейін жүріп, Достық даңғылынан Қазыбек би
көшесіне дейін түседі. Осы күні 22:00-де "Астана" алаңында эстрада
жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері Александр Беляковтың жетекшілігімен эстрадалық
симфониялық оркестрмен бірге соғыс жылдарындағы әйгілі әндер орындалады.
Мерекелік шара осы алаңдағы отшашумен аяқталады.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде жұмыссыз жастар саны "Сәтті қадам" жобасы аясында кеми түспек.М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лийейіндегі «Наурыз мейрамы» жалғасудаБиыл Ұлыстың Ұлы күні шаһарда дүрілдеп өттіКөктемнің шуақты мерекесін тойлау...Алатау ауданы 180 мектепте 8 наурыз аналар күніне орай мерекелік іс-шаралар өтті
Пікірлер