alschool
» » Алматы қаласының әкімі атынан жаңа жылдық шырша болып өтті
» » Алматы қаласының әкімі атынан жаңа жылдық шырша болып өтті

    Алматы қаласының әкімі атынан жаңа жылдық шырша болып өтті


    Алматы қаласының әкімі атынан жаңа жылдық шырша болып өттіҚазақ мемлекеттік циркінде Алматы қаласының әкімі атынан жаңа жылдық шырша өтіп, оған 1700–ден астам бала – оқу озаттары, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, тұрмысы төмен отбасылар балалары мен мүмкіндігі шектеулі балдырғандар қатысты.

    Кішкентай қалалықтарды келе жатқан жаңа жылмен құттықтау үшін мерекелік шараға Алматы әкімі Бауыржан Байбек келді.

    «Біз үнемі жас алматылықтардың жетістіктері туралы үлкен мақтанышпен айтамыз. Сендер жыл сайын халықаралық олимпиадаларда, ғылыми жобалар конкурстарында үлкен марапаттарға ие болып келесіңдер. Тек 2017 жылдың өзінде ғана алматылық оқушылар 61 алтын, 76 күміс, 90 қола медальдарды жеңіп алды. Мемлекет өз кезегінде сендерге үнемі қамқорлық көрсетуде, үздік білім алып, жан- жақты жетіліп өсу үшін барлық жағдайларды жасауда. Осының барлығы сендердің ақылды, денсаулығы мықты ұрпақ болып қана қоймай, Қазақстанды сүюге, оны әлемге танытуларыңа ықпал етеді, ал біз сендер үшін мақтанатын боламыз. Мен бүгін сендерге жүректерінің жылуын ұсынып, мерекелік концертке қатысқан барлық кішкентай артистерге алғыс айтамын», - деп атап өтті Алматы әкімі.

    Бауыржан Байбек Данэлия Тулешованы украиндық «Голос. Діти» шоуындағы жеңісімен құттықтады.

    «Әр баланың жетістігі - бұл барша еліміздің жетістігі. Данэлия, барлық қазақстандықтар сен үшін мақтанады. Саған зор табыстар тілеймін, дарынды баладан әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналуыңа тілектеспін. Мен сенің анаң Еленаны да құттықтаймын. Әр бала жеңісінің артында ата - аналардың, әсіресе оның анасының зор еңбегі тұрады», - деді Бауыржан Байбек.

    Алматы қаласының әкімі атынан жаңа жылдық шырша болып өтті
    Алматы қаласының әкімі атынан жаңа жылдық шырша болып өтті
    Алматы қаласының әкімі атынан жаңа жылдық шырша болып өтті
    Алматы қаласының әкімі атынан жаңа жылдық шырша болып өтті


    Ұқсас жаңалықтар
  • Озат түлектерге тиісті марапатты қала басшысы Бауыржан Байбек пен Білім және ғылым министрінің орынбасары табыстады.
  • Биыл Ұлыстың Ұлы күні шаһарда дүрілдеп өтті
  • Бүгінде Алматының Алатау ауданы бойынша жеткіншектерге зорлық-зомбылық көрсету қылмысы бойынша 6 жағдай анықталып, тіркелген барлық 12 істің 50 пайызын құраған
  • Көктемнің шуақты мерекесін тойлау...
  • Алатау ауданы 180 мектепте 8 наурыз аналар күніне орай мерекелік іс-шаралар өтті

Фото жаңалықтар
Бүгінгі Оқиға
Соңғы жаңалықтар
07 май Әл-Фарабиды тану – ҚазҰУ міндеті

04 май Абай институты – ҚазҰУ жастарының зор мүмкіндігі

04 май ҚазҰУ-ым – қарашаңырағым!

Жаңалықтар топтамасы